КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.39.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
02 Қыркүйек 2010, 07:47
«Құқықтық тәртіп» операциясы кезінде атылатын қалам-тапанша табылды
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары бес күн өткен «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу операциясын қорытындылады.  Оның басты мақсаты - жедел жағдайды сауықтыру, қылмыспен күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мереке күндері  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болды. 

Аталмыш шараны өткізу уақытында облыста 109 қылмыс тіркеліп, оның 102-сі кезекші тәулік ішінде ашылды. Алдын алу операциясы барысында бұрын жасалған қылмыстарды ашуға баса назар аударылды. Операцияның бес күні ішінде бұрын жасалған 28 қылмыс ашылды, оның ішінде екі тонау және үстіміздегі жылдың сәуір айында жасалған  адам өлтіру қылмысы, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.  

Сәуірдін 4-і күні Булаев қаласында өз үйінің ауласында 1927 жылы туған әйел адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнын тексеру барысында тәртіп сақшылары қора ішінде  тағы бір мүрдені тапты, ол - 72 жастағы үй иесі болып шықты. Екі адам да  көптеген бас жарақаттарынан көз жұмған.  Жедел уәкілдер бірден жедел іздестіру шараларына кірісті, аудан орталығы түгелімен тексеріске алынды, қылмысқа байланысты бірнеше болжамдар жасалды. Бірақ зейнеткерлерді өлтірген күдіктіні бірден ұстауға мүмкіндік болмады. Бұл қылмыс қатаң бақылауға алынып, жедел іздестіру шаралары бір күнге де тоқтатылған жоқ. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында бұл қылмысқа күдікті адам - Булаев қаласының тұрғыны - 47 жастағы әйел адам ұсталды.

Әйел адамның екі бірдей қарт адамды не себептен өлтіргені тергеу барысында анықталады.  Қазіргі кезде сезікті қамауға алынды.   

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында іздеуде жүрген 8 қылмыскер құрықталды, ұрланған екі автокөлік табылды. Есірткіге байланысты 7 қылмыс әшкереленді, оның екі фактісі есірткі сату. Заңсыз айналымнан 50 кг артық әр түрлі есірткі заты тәркіленді. Заңсыз сақтауда жатқан, тіркелмеген 39 қару тәркіленді.

Тамыз айының 26-сы күні Петропавл қаласындағы пәтерлердің бірінде қолдан жасалған оқ қаруы тәркіленді. Тәркіленген қалам тәрізді тапанша сараптаманың қорытындысы бойынша, калибрі  3,5 мм оқпен  атуға жарамды болып табылды.  Үй иесінің айтуынша, пәтерін жалға алған адамдар үйді босатқасын, ол осы тапанша-қаламды тауып, полицияға хабарлаған. Қазіргі кезде қолдан жасалған қару иесін табуға бағытталған іздестіру шаралары жүргізілуде.  

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының жетекшісі СҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Мерген Жұмағұловтың айтуынша, операция аяқталғанымен, полиция қызметкерлеріне  алдын алу жұмысын белсендете түсу қажет.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.