КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.17.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
01 Қыркүйек 2010, 19:03
Мұнайлы ауданының Дәулет елді мекенінде балалар оқу жылын жаңа мектепте бастады
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мұнайлы ауданының Дәулет елді мекенінде № 4 жаңа орта мектеп өз есігін айқара ашты. 960 орындық жалпы білім беру орталығының ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.

Осыған дейін Дәулет ауылының балалары барлығы 250 орындыққа есептелінген мектептің ескі  ғимаратында үш ауысыммен білім алып келді.

Білім ордасының жаңа ғимаратында Мұнайлы ауданының Дәулет және Жаңа Дәулет, Қызылтөбе ауылдық округінің Ынтымақ, Бірлік елді мекендері балаларының жан-жақты дамуы мен білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектепте 50 сынып, 2 спорт залы, 590 орындық акт залы, кітапхана, 276 орындық асхана, оқу шеберханасы бар. Педагогикалық ұжым құрамында 95 мұғалім мен 35 кіші қызметкер бар.

Естеріңізге сала кетейік, Мұнайлы ауданының негізі 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған болатын. Алғаш рет мемлекетіміздің тәуелсіздігі жылдарында облыста жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік пайда болды. Аудан қарқынды дамуда, халқының саны күннен-күнге өсіп келеді. Осы үш жылда ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін бірқатар жұмыстар атқарылды.

 Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының аясында сондай-ақ, жаңа мектепте 75 балдырғанға арналған мектепке дейінгі шағын-орталық өз жұмысын бастайды.

Маңғыстау облысында білім беру жүйесіне айрықша мән беріледі. Соңғы төрт жыл ішінде  аталмыш саланы қаржыландыру төрт есеге өсіп, 24,4 млрд. теңгені құрап отыр. Өткен оқу жылы маңғыстаулық оқушылар республика түлектері арасында ҰБТ қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды.

 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.