|
01 Қыркүйек 2010, 18:57 Өскемен мектептеріндегі алғашқы сабақ мемлекеттік рәміздер мен ҚР Конституциясына арналды ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен қаласындағы қырық бес мектептің барлық оқушылары үшін алғашқы сабақ мемлекеттік рәміздерге арналды - ашық сабақ барысында балалар мемлекет рәміздері, елдің Негізгі заңы - ҚР Конституциясы туралы, адам құқықтары мен оқушылардың міндеттері туралы өз білімдерін көрсетті. Ашық сабақ барысында интерактивті дамыған әдістер, викториналар, рөлімен ойнайтын ойындар қолданылды, сонымен қатар мұғалімдер Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы дайындаған ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік кеңестеріне де сүйенді. Айта кетейік, бүгін Өскемен қаласында 30 906 бала мектепке барса, оның 2 800-і бірінші сынып оқушылары, 2 350 бала мектеп табалдырығын жаңа аттаған 6 жастағылар, ал биылғы түлектердің саны 2 086 оқушы. Пiкiрлер (0)
|
|