КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.03.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ?????: ???? ????????? 6 ??????? ??????? ????????? ??? ?????????? - ??? ??????????? Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
01 Қыркүйек 2010, 18:19
Сауд Арабиясынан Маңғыстау облысына 58 оралман көшіп келді
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысына тарихи Отанына Сауд Арабиясы корольдігінен 58 оралман көшіп келді, деп хабаралды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алғашында Сауд Арабиясынан келген оралмандар жаңа орынға бейімделулеріне, мемлекеттік тілді үйренулеріне көмек көрсететін оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына орналастырылады.  Сондай-ақ, оларға Қазақстан азаматтығын рәсімдеуге, оралман мәртебесін алуларына  жәрдем көрсетіледі. Одан басқа, оларды миграциялық квотаға енгізіп, тиісті мемлекеттік біржолғы жәрдем беріледі, көшуге жұмсалған шығындары қайтарылады. Орталықта оралмандарды  жұмысқа орналастыру үшін шаштараз, тігін шеберханалары, аяқ-киім, сағат жөндеу, фотосалондар қызмет етуде. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында орталық аумағында мектепке дейінгі шағын-орталық ашылды.

Қыркүйек 1-5-і аралығында тарихи Отанға 10 отбасы, жалпы саны 79 адам оралады.

АНЫҚТАМА: Қазақстан Республика Президентінің 17.11.2008 жылғы № 690 «2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығына сәйкес ағымдағы жылға Маңғыстау облысына 2500 оралман отбасы көшіп келетін  квота белгіленді.

Тарихи Отанға 1991-2010 жылдарда құрамында 27 602 отбасы бар 99 856 адам көшіп келді. 2007-2009 жылдары 6228 оралман отбасылары мемлекеттен квота бойынша 4 миллиард 621 миллион 543 тенге көлемінде материалдық жәрдем алды. Квота есебінен көмек көрсетуге 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында көшіп келген тағы да 5354 адам ұсынылды. 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін 1118 оралман жұмысқа тартылса, 398 адам кәсіби оқу мен қайта даярлау курсынан өтті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.