КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.42.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
01 Қыркүйек 2010, 13:50
Талдықорғанда «Былғары доп-2010» чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорған қаласының әкімдігінде балалар командалары арасында футболдан «Былғары доп-2010» чемпионаты және қала Кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті.

Халықтың денсаулығын жақсарту мен өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу бағытындағы Елбасының бастамасын жүзеге асыру аясында облыс орталығында осындай дәстүрлі футбол ойындары өтеді.

Талдықорған қаласының әкімі Сәкен Жылқайдаровтың айтуынша, осы маусымда «Былғары доп-2010» чемпионатына жас ерекшелігі бойынша төрт команда және қала Кубогы сайыстарына үш команда қатысқан.

Бәйгеде барлығы 135 балалар командасы өнер көрсетті.

Жиналған қауымның қошеметімен қала әкімі жеңімпаздардың атын атады. 1995-1996 жылдары дүниеге келген балалардың командалары  арасынан №15 орта мектептің командасы бас жүлдеге лайық болды. 1997-1998 жылдары туғандар арасынан «Шығыс» командасы жеңімпаз атанды. 1999-2000 жылдары дүниеге келген ең кішкентай қатысушылар командалары арасынан «Самал-1» футбол командасы бірінші орынды алды. Қала Кубогы  №96 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі мен «Жетісу-99» комадаларына бұйырды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.