КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.30.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
01 Қыркүйек 2010, 12:25
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын лайықты қарсы алу әрбір қазақстандықтың патриоттық парызы - Н. Назарбаев
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығын лайықты қарсы алу әрбір қазақстандықтың патриоттық парызы. Бүгін Төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«2011 жылы біздер Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өтетін боламыз. Екі онжылдықта бұған дейін тұтас бір ғасыр бойы сыйыстыра алмаған көптеген ұлы нақты істер атқарылды. Алдағы мерейтой туған Отанымыздың тағдыры қымбаттардың барлығына қымбат. Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлату бұл тек қана ресми іс-шара ғана емес, оны лайықты қарсы алу әрбір қазақстандықтың патриоттық парызы», деді Н. Назарбаев.

 

Осы орайда Президент миллиондаған азаматтарымыз өздерінің азаматтық белсенділігін көрсеткені, жаңа индустриалды Қазақстанның құрылысына қатысуға ұмтылуы, іспен шұғылданғаны, ел дамуында өз орнын табуы маңызды екенін атап көрсетті. «Депуттатар жергілікті жерлерде болғанда осы бағыттағы жұмысты жүргізетіндігіне және адамдарға олармен бірге осы жылдар ішінде қандай шаруаларды атқарғанымызды және алда одан да ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын айтады деп үміттенемін», деді Елбасы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.