КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.48.2012  
Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
01 Қыркүйек 2010, 10:59
Батыс Қазақстанда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ел аузынан әдеби-тарихи мұралар жинақталмақ
ОРАЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ -  «Нұр Отан» ХДП бастаған «Киелі мұраға тағзым» атты республикалық іс-шара аясында БҚО-да Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ел аузынан әдеби-тарихи мұралар жинақталмақ. Осыған орай арнайы байқау жарияланбақ. Бұл туралы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ел аузындағы қазына» атты дөңгелек үстел отырысында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың мақсаты - ел аузындағы тарихи оқиғаларды, аңыз әңгімелерді жинақтау, тарихи жәдігерлерді зерттеу. Белгілі әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасовтың айтуынша, ел ішінде құнды заттар мен деректер әлі бар. Тек соны уақыт өткізбей жинап алу керек. Өлкетанушы Жайсаң Ақбай Бөкей хандығының тарихына қатысты тың деректер барлығын айтса, филология ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының проректоры Мұрат Сабыр қара өлеңдерді де сұрыптап, жарыққа шығару қажеттігін атап өтті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.