|
31 Тамыз 2010, 15:24 «Құқық тәртібі» жедел алдын-алу шарасы кезінде бірнеше заңсыздықтар анықталды АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Ақмола облысы ІІД-нің жол полиция қызметкерлері «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде «Астана-Петропавл» тас жолында Көкшетау қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан «Тойота» автомашинасы тоқтатылды. Тексеріс кезінде одан 2 еліктің еті, 20 оғы бар ойық ұңғылы 7,62 калибрлі аңшы мылтығы табылып, тәркіленді, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен. Аң атуға оның лицензиясы жоқ. Автомашинасы айып көлік тұрағына қойылды. Мемлекетке келтірілген шығын 282 600 теңгеге бағаланады. Осы көрсетілген фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің «Заңсыз аңшылық ету» деген 288-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Ал, Ақмола облысы Сандықтау ауданы ІІО-ның табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде Сандықтау орман шаруашылығы аумағында жалпы саны 17 шырша ағаштарының заңсыз кесілгенін анықтады. Осы факт бойынша «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу» Қазақстан Республикасы ҚК-нің 291-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау бойынша мәселе шешілуде. Пiкiрлер (0)
|
|