КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.50.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды ?????: ???? ????????? 6 ??????? ??????? ????????? ??? ?????????? - ??? ??????????? Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
31 Тамыз 2010, 14:15
Берлинде «Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдегі ұлтаралық келісімнің негізі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті
 АСТАНА.  Тамыздың  31-і.  ҚазАқпарат - Тамыздың  30-ында Берлинде  «Қазақстан Республикасының Конституциясы -    елдегі ұлтаралық келісімнің   негізі»    деген тақырыпта «дөңгелек  үстел» отырысы   өтті.    Ата заңымыздың  15 жылдығына арналған  бұл жиынға     Германия Федеративтік  Республикасының  сыртқы саясат   және  экономика  ведомстволарының   қызметкерлері, 

Орталық  Азия  бойынша жетекші  герман  сарапшылары,    іскер топтардың  және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері  қатысты,  деп   хабарлады   Қазақстан  Республикасы  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз   қызметінен.

Жиналған  қауымға    Конститцияның   негізгі баптары,    оның елдегі  ұлтаралық  келісімнің  кепілі  ретіндегі  ролі  таныстырылды.   Қазақстан  Елшісі  Нұрлан  Онжанов     өз сөзінде  тәуелсіз Қазақстанның  қалыптасу   тарихына тоқталды,   республиканың    біртіндеп дамуын қамтамасыз  ету мақсатында  ұлттық заңнаманың тұрақты жетілдіріліп отырғанын  жеткізді.

Дипломатиялық  миссия басшысы сондай-ақ, 1995 жылы  Конституцияны әзірлеу жұмысына   отандық заңгерлік  ғылымның  барлық   әлеуеті   жұмылдырылып, басқа салалас қоғамтанушы   салалардың  мамандары,   сарапшылары   тартылғанын,   басқа мемлекеттердің   конституциялары  зерттелгенін    әңгімелеп берді.

Жиынға  қатысушылар     сонымен бірге,  Қазақстан халқы Ассамблеясының  жұмысы,      тілдер  мен  салт-дәстүрлерді сақтау, халықтардың  ұлттық  қасиеттерін қолдау  туралы    шаралар  туралы     толыққанды хабардар етілді.   Осы  тұрғыдан алғанда, Қазақстанның  елімізде  тұрып  жатқан этникалық немістерді  қолдау ісінде Германиямен     белсенді ынтымақтастық   орнатқанын  айта кету керек.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.