|
28 Тамыз 2010, 11:40 Қостанайда халықтық спорттың ХХV облыстық жазғы ойындары ашылды ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - «Тың - Целина-2010» атты халықтық спорттың ХХV облыстық жазғы ойындарының ашылуы кеше, қала сыртындағы Затобольск кентінің жаңа стадионында болып өтті. Ойындардың ашылу салтанатына қатысқан Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин мерейтойлық ойындар Қазақстан Ресупбликасы Конституциясының 15 жылдығына, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мен Мәдениеттердің жақындасу жылына арналып отырғандығын атап өтті. Спартакиаданың ашылуы да жаңа стадионның ашлыуына тұспа-тұс сәйкестендірілген. Мамандар бұл ғимараттың барлық заманауи талаптарға сай екенін айтады. Бұл сайыс алаңында облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстар өтетін болады. Бәйгеге қатысушылар спорттың классикалық түрлері (футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, үстел үсті теннисі, дзюдо мен күрестің басқа түрлері, жеңіл атлетика, бокс) бойынша бақ сынасады. Ат жарыстары (көкпар, аударыспақ, қыз қуу, бәйге) Қостанай облысы, Заречный кентіндегі «Қазақ тұлпары» ипподромында өтеді. Пiкiрлер (0)
|
|