Владимир Путин Қазақстанның әрекеттері өзгелерге үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда бұл мемлекет бизнесті дамыту жағынан Бүкіләлемдік банк өлшемі бойынша 47-ші орында тұр. Ал Ресей әлі 120-шы орында – РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин
04 | ақпан | 2012   Сенбі  
EUR 195.52     USD 148.72     RUB 4.92     CNY 23.60
АСТАНА    күндіз -26..-28   түнде -35..-37
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді 25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді «Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды
28.08.2010 / 11:00
Ең бастысы - мектеп автобустарымен балаларды қауіпсіз тасымалдау - Арман Сарыбасов
АЛМАТЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қалалық Жол полициясы басқармасы балалардың жол қауіпсіздігі шараларын күшейтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1-ші қыркүйектен бастап ЖПБ инспекторлары білім беру мекемелері жанында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезекшілік жасайтын болады. БАҚ-нан жүргізушілерге көліктің жақын қашықтықты шамын жағып жүру, қауіпсіздік белдеулерін тағу және қозғалыс кезіндегі балаларға арналған тұтқалардың болуы ескертілетін болады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағы орналасқан жерлерде ережені сақтай жүру мен қала көшелерінде жылдамдықты қалыптан асырмау арнайы ескертіледі», деді Алматы қалалық ЖПБ-ның бастығы Арман Сарыбасов.

Жол полициясы өкілдерінің айтуынша, жоғарыда айтылған шаралар орындалып жатса, бұл үлкен пайда. Бірақ, ата-аналар да құр қол отырмауы керек. Мүмкіндігінше балаларының қауіпсіздігі үшін уақыт тауып, оқу басталғанға дейін мектепке барар жолмен өздері балаларын ертіп жүріп өткендері абзал. Соған байланысты, балаларына қай жерлермен жүрген қауіпсіз екенін, қандай жағдайда жолды қиып өту керектігін және қоғамдық көліктермен жүру жолдарын жақсылап түсіндіргендері дұрыс.

«Автокөлік кәсіпорындары жүргізушілерімен гаражды кооперативтерде және автобус линияларында жолда балаларға көңіл бөлу мен қауіпсіздік белдеулерін тағу жөнінде арнайы нұсқаулар жүргізіледі.  Қыркүйек басталысымен мектеп мұғалімдерімен бірге ЖПБ және кәмелетке толмаған балалар инспекторлары жол қозғалысы туралы оқушыларға түсініктемелер беріледі. Сонымен қатар, Алматыда біріншіден, мектеп басшылары мен мұғалімдерге балалардың қауіпсіз жол қозғалысы туралы нұсқаулар жасалды. Ең бастысы - мектеп автобустарымен балаларды тасымалдау», дейді полковник Сарыбасов.

Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz