|
28 Тамыз 2010, 09:47 Браконьерлер мемлекетке жарты миллион теңге көлеміндегі шығын әкелді - Ақмола облысы ІІД АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полиция қызметкерлері «Тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шаралары аясында бір тәулік ішінде қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзған екі фактіні анықтады, әкелінген шығынның мөлшері жарты миллион теңге шамасында болды, деп хабарлайды аймақтағы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. «Астана-Петропавл» автожолының 265-ші шақырымында «Тойота» автокөлігін тексеру барысында оның жүк салғышынан жеке-жеке салынған екі еліктің еті табылды. Сондай-ақ қолға түскен үш ер адамнан аңды атып өлтірген қару да тәркіленді. Қоршаған ортаны қорғау полиция бөлімі бастығының қызметін атқарушы Ержан Қазденовтың айтуынша, биылғы жылы аң аулау маусымының басталуы ыстық ауа-райы мен өрт қауіпіне байланысты қыркүйектің 16-сына ауыстырылған, сондықтан қазіргі таңда заңсыз аң аулаушыларға қатысты тергеу жүріп жатыр. Пiкiрлер (0)
|
|