|
27 Тамыз 2010, 21:19 Ақтөбе облысының активінің жиналысында құқық қорғау органдары мен сот жүйесіндегі болашақ реформалар талқыланды АҚТӨБЕ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Бүгін облыс әкімі Елеусін Сағындықов аймақтың активімен жиналыс өткізіп, оның барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру туралы» Жарлығының жүзеге асырылу мәселелері талқыланды. Жиналысқа құқық қорғау органдарының, сот және бақылау-қадағалау органдарының, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары мен өкілдері, аудан әкімдері мен облыстың қоғам өкілдері қатысты. Негізгі күш-құрылымдарының басшылары - облыс прокуроры Виктор Корчагин мен ІІД бастығы Патрис Нокин, облыстық соттың төрағасы Бектас Бекназаров пен қаржы полициясы дпартаментінің бастығы Ескендір Дентаев өз ведомстволарындағы құқық қорғау қызметін баяндап, алдағы реформалар жайлы, оған дайындық пен осының салдарынан туындап отырған қиындықтар туралы құлағдар етті. Өзінің қорытынды сөзінде Елеусін Сағындықов қызығушылық танытқан органдардың алдына Жарлықтың барлық қағидаттарын бұлжытпай және дер кезінде орындау туралы, сонымен қатар алдын алу жұмыстары мен қылмысқа қарсы күрес жұмыс нәтижелерін көтеруді мықтап тапсырды. Сонымен қатар кәсіпкерлерді бақылаушы органдардың олардың қызметіне жөн-жосықсыз араласуына да жол бермеу керектігін тілге тиек етті. Пiкiрлер (0)
|
|