КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.45.2012  
ШҰҒЫЛ: Атырау облысында мол жауған қар мен бұрқасынның салдарынан пойыздардың қозғалысы түгелімен тоқтады ШҰҒЫЛ: Атырау облысында 500 жолаушы мінген пойыз қар құрсауында қалып қойды Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды ШҰҒЫЛ: Орал қаласында 6 адамнан тұратын лаңкестік топ құрықталды - Бас прокуратура Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы ШҰҒЫЛ: ОҚО-да медициналық ұйымдардың 3 басшысы лауазымдарынан босатылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Н.Назарбаев неміс бизнесмендерін Шетелдік инвесторлар кеңесінің, Іскерлік кеңес пен Астана экономикалық форумының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды ҚР Қорғаныс министрлігі «KADEX - 2012» көрмесін өткізуге даярлық жұмыстарын атқарып жатыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына сапары жалғасуда

 
20 Тамыз 2010, 11:11
Лужков Мәскеу үшін Қазақстаннан 300 мың тонна астық сұрады
АСТАНА.  Тамыздың  20-сы.  ҚазАқпарат -  Мәскеу үкіметі    Қазақстанға    ресми    хат жолдап,    Ресей елордасына  100 мың тоннадан 300 мың   тоннаға  дейін  астық  жеткізуді  өтінді.  Бұл туралы тамыздың  19-ында    Мәскеудің    азық-түлік ресурстары  департаменті бастығының бірінші  орынбасары Виктор  Ольховой     мәлім етті,  деп хабарлады  «Ведомости» басылымы.

«Біз Қазақстанға ресми өтініш  жасап, Мәскеуге      300 мың тоннадай астық   жеткізуді    сұрадық.  Бірақ біз  оны  арзандау  жерден сатып алатын боламыз»,  деді Ольховой.

Қазақстанның Ауыл  шаруашылығы министрлігінің     жауапты хатшысы  Евгений Аман,     Мәскеу мэрі Лужковтан    осындай өтініш түскенін қуаттады.  «Оған қоса, менің білуімше,    тағы бірқатар ресейлік   кәсіпкерлер осындай  өтініш жасап  отыр,   бірақ  Ресей Федерациясының   ресми  өкіметінен    ештеңе түскен жоқ», - деді    Е.Аман мырза.

Министрлік өкілі, сондай-ақ  Қазақстанның Ресейге астық экспорттауға мүдделі екенін   атап көрсетті.   Осының алдында  ғана министрлік,    ағымдағы маусымда     8 миллион   тонна астық экспортталатынын,  оның 4 миллион тоннасы - Орталық  Азия  елдеріне  және  Ауғанстанға,  2 миллионы - Кавказ елдеріне жөнелтілсе,  тағы 2 миллион тоннасын  - Ресей,  Иран және    басқа да елдер  алатынын   хабарлаған болатын. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.