|
|
EUR 194.12 USD 148.66 RUB 4.91 CNY 23.55
|
|||
|
Алматыда шаңғы қоссайысынан Әлем кубогінің қысқы кезеңі өтеді •29 жасар ақтөбелік бойжеткен үйдің 9 қабатындағы терезеден секіріп кетті •Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты •Бүгін кешке қарай Кентаудағы жылу беру бойынша технологиялық жүйе қалыпты жұмыс істейді - ОҚО әкімі •Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды • Қарағанды облысында Ресейдің Иркутскі қаласынан Шымкентке кетіп бара жатқан автобустың 35 жолаушысы құтқарылды - ТЖМ •Алматы облысында контрабандалық шаяндарға толы жүк көлігі ұсталды •Ресей Федерациясымен шекарада діни әдебиеттің ірі партиясы тәркіленді •Қазақстанның батыс өңірлеріндегі боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді •Атырауға Оралдан 2011 жылдың 31 қазанындағы лаңкестік әрекеттерге қатыстылығы бар деп танылған күдікті азамат әкелінді •Қызылордада ер азамат маневр жасаған пойыздың астына түсіп қалды - ТЖМ •
|
|
31.07.2010 / 16:02 Жамбыл облысы Мерке ауданында орын алған жол-көлік оқиғасы кезінде 20 адам қаза тапты - ҚР ІІМ АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат. Бүгін таңғы сағат бес жарымда Мерке қаласынан 10 шақырым жердегі Алматы-Ташкент тас жолының 339 шақырымында Шымкент қаласынан Алматыға бет алған «Мерседес-бенц» қалааралық автобусы «Норт-бенц» маркалы жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көліктер соқтығысқан кезде өрт туындап, нәтижесінде көліктер толығымен жанып кеткен. Оқиға орнында 20 адам, оның ішінде автобустың 18 жолаушысы, автобус жүргізушісі және жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Алдын ала деректер бойынша автобуста 49 жолаушы болған. Мерке аудандық орталық ауруханасына 23 жолаушы жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Олардың алтауы, оның ішінде төрт Өзбекстан азаматы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Көлік құралдарының иелері және қайтыс болған жүргізушілердің жеке бастары анықталды. Сонымен қатар, қайтыс болған жолаушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы полиция полковнигі Николай Калашников осы өңірге аттанып кетті. Қазіргі уақытта оқиға орнында Жамбыл облысы ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған арнайы тергеу тобы жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, сондай-ақ автотехникалық, техникалық және бірқатар биологиялық сараптамалар тағайындалды. Алдын ала деректер бойынша жүк көлігінің жүргізушісі рульде ұйықтап кетіп, қарсы келе жатқан автобуспен соқтығысқан.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||