Владимир Путин Қазақстанның әрекеттері өзгелерге үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда бұл мемлекет бизнесті дамыту жағынан Бүкіләлемдік банк өлшемі бойынша 47-ші орында тұр. Ал Ресей әлі 120-шы орында – РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин
07 | ақпан | 2012   Сейсенбі  
EUR 194.12     USD 148.66     RUB 4.91     CNY 23.55
АСТАНА    күндіз -26..-28   түнде -35..-37
Алматыда шаңғы қоссайысынан Әлем кубогінің қысқы кезеңі өтеді 29 жасар ақтөбелік бойжеткен үйдің 9 қабатындағы терезеден секіріп кетті Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Бүгін кешке қарай Кентаудағы жылу беру бойынша технологиялық жүйе қалыпты жұмыс істейді - ОҚО әкімі Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды Қарағанды облысында Ресейдің Иркутскі қаласынан Шымкентке кетіп бара жатқан автобустың 35 жолаушысы құтқарылды - ТЖМ Алматы облысында контрабандалық шаяндарға толы жүк көлігі ұсталды Ресей Федерациясымен шекарада діни әдебиеттің ірі партиясы тәркіленді Қазақстанның батыс өңірлеріндегі боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді Атырауға Оралдан 2011 жылдың 31 қазанындағы лаңкестік әрекеттерге қатыстылығы бар деп танылған күдікті азамат әкелінді Қызылордада ер азамат маневр жасаған пойыздың астына түсіп қалды - ТЖМ
31.07.2010 / 14:52
Астық шаруашылығымен ылғал ресурстарын сақтау технологиялары негізінде айналысуымыз қажет - А.Күрішбаев
Ақылбек Күрішбаев  АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астық шаруашылығымен ылғал ресурстарын сақтау технологиялары негізінде айналысуымыз қажет. Бұл пікірді бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінде аталған ведомствоның  басшысы Ақылбек Күрішбаев білдірді.

Биыл астық шаруашылығында Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында қуаңшылықтың әсерінен көп егістік күйіп кеткендігін атап өткен А.Күрішбаевтың келтірген деректеріне қарағанда, соңғы 5 жылда Ақтөбе облысының Қостанай облысымен шектес Әйтеке би ауданында алынған орташа өнім гектарына 5 центнерді, ал Қостанай облысының Қамысты ауданында 8,5 центнерді, ал құмдауыт жерде қоныстанған Жангелді ауданында осы аралықтағы орташа көрсеткіш  6,5 центнерді құрап отыр. Демек осыған орай «өнім көлемі неге төмен» деген заңды сауалдың да туындайтыны шындық. Дәл осы мәселені сараптап өткен министрдің пайымдауынша, бұл тікелей ылғал ресурстарын сақтау технологиясына байланысты болып отыр. 

«Қазіргі астық шаруашылығында ылғал ресурстарын сақтау  технологиясымен қолынан іс келетін, шамасы бар, ірі шаруашылықтар ғана істейді. Енді сараптама жасап көрейік, Қостанай облысында 2 мың гектардан кем алқаптары бар шаруашылықтар 29 пайызды құрайды. Ал бұл Батыс Қазақстанда 51, Ақтөбе облысында 41 пайыз. Яғни, астық шаруашылығымен ылғал ресурстарын сақтау технологиялары негізінде айналысуымен керек. Олай болмаған жағдайда бұл екі облыс астық шаруашылығының  болашағы жоқ. Тек қана астық шаруашылығы технологиялары болғанда ғана өнім алуға болады. Ал бұрыңғыдай «сұйық» істейтін болсақ, онда тек қана ауа-райына қарап отырамыз. Бұлай астық шаруашылығын дамыту мүмкін емес», деді министр өз сөзінде.

Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz