|
|
EUR 194.12 USD 148.66 RUB 4.91 CNY 23.55
|
|||
|
Алматыда шаңғы қоссайысынан Әлем кубогінің қысқы кезеңі өтеді •29 жасар ақтөбелік бойжеткен үйдің 9 қабатындағы терезеден секіріп кетті •Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты •Бүгін кешке қарай Кентаудағы жылу беру бойынша технологиялық жүйе қалыпты жұмыс істейді - ОҚО әкімі •Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды • Қарағанды облысында Ресейдің Иркутскі қаласынан Шымкентке кетіп бара жатқан автобустың 35 жолаушысы құтқарылды - ТЖМ •Алматы облысында контрабандалық шаяндарға толы жүк көлігі ұсталды •Ресей Федерациясымен шекарада діни әдебиеттің ірі партиясы тәркіленді •Қазақстанның батыс өңірлеріндегі боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді •Атырауға Оралдан 2011 жылдың 31 қазанындағы лаңкестік әрекеттерге қатыстылығы бар деп танылған күдікті азамат әкелінді •Қызылордада ер азамат маневр жасаған пойыздың астына түсіп қалды - ТЖМ •
|
|
31.07.2010 / 12:39 Жалпы республика бойынша дәнді-дақылдардың 83 пайыз алқабы жақсы және қанағаттанарлық күйде - АШМ АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Биылғы жылы қуаңшылықтың салдарынан Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында егіс алқаптарының 70 пайыздан астамы күйіп кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде Жер шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті.«Ауа райы құрғақ болған биылғы жыл - агротехнологиялардың деңгейіне сынақ жүргізгендей болды. Олардың деңгейі жоғары болған өңірлерде егіс алқаптары сақтап қалынды. Соның арқасында астықтың соңғы он жылдағы орташа деңгейін биыл да ала аламыз деп айтуға болады», - деді ол. А.Буцьтың айтуынша, жалпы республика бойынша дәнді-дақылдардың 83 пайыз алқабы жақсы және қанағаттанарлық күйде. Ал егіс далаларының 12 пайызы немесе 1,9 млн. гектары нашар жағдайда болса, 5 пайызы немесе 883 мың гектары жойылды. «Нашар күйдегі егіс алқаптарының басым дені, яғни 641 мың гектары немесе 15 пайызы Қостанай облысында орналасқан. Ал Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында сәйкесінше 63 және 72 пайыз егіс бүгінгі күні толығымен жойылып, жарамсыз деп танылды», - деді департамент директоры.
|
|||||||||||||||||||||
|
Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ,
www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады. 010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz |
|
|||