Владимир Путин Қазақстанның әрекеттері өзгелерге үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда бұл мемлекет бизнесті дамыту жағынан Бүкіләлемдік банк өлшемі бойынша 47-ші орында тұр. Ал Ресей әлі 120-шы орында – РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин
04 | ақпан | 2012   Сенбі  
EUR 195.52     USD 148.72     RUB 4.92     CNY 23.60
АСТАНА    күндіз -26..-28   түнде -35..-37
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді 25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді «Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды
31.07.2010 / 12:04
Қызылорда облысында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие есебінде 675505 мың теңге берілетін болды
С дипломом в село ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие есебінде 675505 мың теңге берілетін болды.

Өткен жылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарына қолдау көрсету шараларын іске асыру мақсатында біздің облысқа республикалық бюджеттен 53609 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Жыл қорытындысы бойынша бөлінген қаражаттың 44278,9 мың теңгесі игеріліп, 487 маманға көтерме жәрдемақы төленді. Биыл ауылға баруға тілек білдірген 759 маманға әлеуметтік қолдау көрсету үшін тағы да ел бюджетінен 95321 мың теңге қаржы қарастырылып отыр. Атап айтқанда, білім саласына 467, денсаулық сақтау саласына 219, әлеуметтік қамсыз­дан­дыру саласына 26, мәдениет саласына 35, спорт саласына 12 маман келеді деп күтілуде.

Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz