КАЗ | QAZ | ARA | РУС | ENG
Асет Исекешев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуде жоғары технологиялар саласындағы жобаларды жүзеге асыру басымдықты бағыт болуы тиіс - ҚР вице-премьері Ә.Исекешов
EURЕуро189.74
USDАҚШ доллары147.28
RUBРесей рублі4.82
CNYҚытай юані21.70
Астана
Күндіз 32 +34
Түнде 16 +18
www.meteo.kz
Павлодар облысында 66 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілді Бүгін Маңғыстау, Атырау және Ақмола облыстарында қатты ыстық болжануда ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы таулы-қарабақ шиеленісі аймағында түйісу сызығы бойында оқ атуды тоқтату режимінің соңғы кездері бұзылуын үзілді-кесілді айыптайды Қазақстан Ресейді индустриялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырады Қостанайда жаңа қазақ театрының құрылысы басталды
  Сейсенбі  07/09/2010

31.07.2010 / 11:25
Елордада «Астана» велоклубының «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жеңісіне арналған велошеру өтті
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, сенбі күні «Астана» велоклубының «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жеңісіне орай, бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты «Астана» велоклубының «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жеңісіне және Қазақстанда велоспорт түрін дамытуға бағытталған. Шараға спорт мектептерінің тәлімгерлері, сондай-ақ қала тұрғындары, қонақтары қатысты. Велошеруге қатысушылар қаланың Тәуелсіздік алаңынан басталған велошеру Сарайшық, Тұран, Сығанақ көшелерімен жалпы ұзындығы 10 шақырым жолды жүріп өтті.

«Жақында ғана «Тур де Франс» көпкүндігінде біздің елордамыздың атымен аталған «Астана» велокомандасы кезекті рет өзінің әлемдегі мықтылығн дәлелдеді. Тамаша қаламыздың атын жаһанға әйгілетті. Біз бүгін «Астана командасын, сонымен қатар велоспортты және жалпы  бұқаралық спортты қолдау үшін жиналдық», дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов.

 Іс-шара соңында велошеруде көзге түскен жасөспірімдер бірнеше аталымдар бойынша марапатталып, қала тұрғындарына арналған концерттік бағдарламамен ұласты.

соңғы жаңалықтар