КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.46.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
31 Шілде 2010, 10:25
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері алдыңғы қатарға шығарылып отыр - Үкімет басшысы
   АСТАНА. Шілденің 31-і.  ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/  - Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері алдыңғы қатарға шығарылып отыр. Бұл туралы бүгін «Қараөткел-2010» Қазақстанның агроөндірістік кешені жетістіктері жәрмеңкесінің салтанатты ашылуында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Біздің көз қуанатын, мақтан тұтуға болатын дүниелеріміз баршылық. Агроөнеркәсіптік кешен жоғарғы қарқынмен дамып келеді», - деп атап өтті Премьер-Министр.

«Қайта өңделген өнімнің номиналдық мәндегі көлемі еңбек өнімділігі секілді екі есеге дерлік өсті. Өңірлерде кез келген бастамаларды іске асыруға мемлекет жағдай жасап отыр. Бұл ауыл тұрғындарының да, агробизнесті дамытуға үлес қосып келе жатқан адамдардың да өздеріне сенімді болуына мүмкіндік береді», - деп тоқталды К.Мәсімов

Үкімет басшысы өз сөзінде биыл субсидиялаудың жаңа тетіктері іске асырыла бастағанын алға тартты. Бұл шаралар агроөнеркәсіптік кешенді жедел әртараптандыруға жағдай жасайды.

«Яғни, олар меншікті істі дамытуда ынталандыруға бағытталған», - деді Премьер-Министр.

«Агроөнеркәсіптік кешенді жаңғыртуға ықпал ететін инвестициялық жобалар ойдағыдай іске асып жатыр. Бұл ретте саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері алдыңғы қатарға шығарылып отыр. Бұл Кеден одағының жұмыс істеу шарттарында әсіресе өзекті», - деп атап өтті К.Мәсімов.

Үкімет басшысы осыған ұқсас көрмелерді өткізу түрлі бағыттағы мамандардың мүдделері мен күш-жігерін біріктіруге ықпал ететін маңызды құрал екенін, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды жаңғыртып, өткізу нарықтарының өсуіне ықпал ететінін атап өтті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.