КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.46.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
30 Шілде 2010, 19:44
Кедендік одақтың арқасында экономикалық қарым-қатынастың тиімділігі артып отыр
 ОРАЛ. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жаңа кедендік кодекске қатысты өзгерістер облыстық кедендік бақылау департаменті мен «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесі бірлесе өткізген  қоғамдық консультативтік кеңестің кеңейтілген отырысында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан, Ресей және Беларусқа ортақ Кеден одағы кодексінің күшіне енгеніне де бір ай уақыт өтті. Сол кодекске сәйкес, биыл шілденің 1-інен бастап, үш елдің арасында тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеудің күші жойылып, экономикалық қарым-қатынастың тиімділігі артты. Оған дәлел БҚО-ға Ресейден енген тауарлардың үлесі былтыр 40 пайызды құраса, биыл ол көрсеткіш 45 пайызға жетті. Ал кедендік кедергілер жойылған соңғы 15 күн ішінде 58 пайызды құрады.

Отырысты облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Әмірхан Мауқұлов қысқаша сөз сөйлеп ашты. Содан кейін департаменттің әр саладағы мамандары жаңа кодекске қатысты жиналғандарға жан-жақты түсінік берді. Соңынан кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап қайтарды. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Берік Толымбаев пен «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков қатысып, сөз сөйледі.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.