
|
29 Шілде 2010, 13:09 Сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне Кедендік кодекстің жаңалықтарының басымдықтарын түсіндіру керек ![]() ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне Кеден одағы Кедендік кодексінің жаңалықтарының басымдылықтары түсіндірілуі керек. Қазақстан-қырғыз шекарасында «Айша Бибі» кеден бекетінде өткен бірлескен кеңесте осы мәселе сөз болды. Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары Ерқабыл Қожбановтың айтуынша, үшжақты Кеден одағына Қазақстанның қосылуына байланысты Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде. «Кеден одағына қатысушы елдердің кедендік заңнамаларындағы бүгінгі айырмашылықтар 2011 жылдың шілде айының 1-іне дейінгі өтпелі кезеңде бірыңғай нормаға келтірілуі керек», - дейді ол. Жаңа кедендік нормалардың отандық тауар өндірушілерге беретін басымдықтарына тоқталған кеденші, тауарларды декларациялау амалдарының оңтайландырылғанын, әкелінетін тауарлардың көлеміне қойылып келген шектеулердің алынатынын айтып өтті. «Күзде ауыл шаруашылығы өнімдері көптеп әкеліне бастайды, сондықтан да жеткізілімшілерге әкелінетін тауарларға бұған дейін салынып келген 10 тонналық шектеудің алып тасталынғанын, енді олардың бір рет қана ресімделген декларациямен қалағандарынша өнім әкеле алатындарын жеткізу керек», - деп атап көрсетті Е.Қожбанов өз сөзінде. Кеңеске қазақстандық және қырғызстандық кеден қызметтерінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясының», «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының Жамбыл филиалының өкілдері қатысты. Пiкiрлер (0)
|
|