КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.52.2012  
Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Астанада бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар өткізілмейді Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды БҚО-да бірнеше бағыттар бойынша жолдарға шектеу қойылды Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы күтілуде, қар жауады, жекелеген жерлерде бұрқасын сақталады - 9 ақпанға арналған ауа райы

 
29 Шілде 2010, 07:35
Қазақстан мен Люксембургтың арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету мәселелері талқыланды
  БРЮССЕЛЬ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан Республикасының Бельгиядағы және Люксембургтағы   Елшісі,    Еуроодақ  және  НАТО  жанындағы   миссиялардың  басшысы    Ерік   Өтембаевтың    Люксембургтың   экономика  және  сыртқы  сауда министрі Жано  Креккемен   болған  кездесуінің  барысында  тараптар  Қазақстан мен Люксембургтың арасындағы екіжақты  экономикалық ынтымақтастықты әрі  қарай тереңдету   мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда,   кездесу  барысында  қазақстандық дипломат Қазақстан мен  Люксембургтің      ұзақмерзімдік    экономикалық  ынтымақтастығының   жоспарын   жасаудың мүмкіндіктерін   қарауды  ұсынды.  Және бұл құжатқа      қаржы,  көлік,   металлургия және    жерсерік-навигация салаларындағы   өзара іс-қимылдар негіз бола алатынын  атап көрсетті. 

Бұл бастамаға қолдау білдірген    Ж.Крекке    мырза,     серіктестікті  дамытудағы қолда  бар  әлеуеттерге тоқталып өтті.   Оның айтуынша,  «Люксембургтың инвестицияларын және  ғылыми-техникалық   әлеуетін   тарту,  Қазақстанның  ең алдымен     өңдеуші салалары  үшін тартымды».

Қазақстан елшісі  кездесу  барысында, сондай-ақ  Еуропалық   инвестициялық банктің   Қазақстандағы   жұмысының    сәтті басталғаны  жайлы   баян етіп,    Банкпен   арадағы келісімге  қол қойылған  сәттен бастап  тараптардың       бірқатар жобаларды әзірлеуге кіріскенін  айтты.     Ж. Крекке   өз  кезегінде,   Қазақстан  мен  Еуропалық инвестициялық банктің   ағымдағы өзара  іс-қимылына   жоғары  баға беріп,   Банктің  қаржылық тетіктері   екіжақты  инвестициялық диалогты   кеңейте  және нығайта түсетінін атап көрсетті.

Сөз  соңында  тараптар   Қазақстан мен Люксембургтың арасындағы    келісімшарттық-құқықтық базаны,  әсіресе   қаржы,  көлік,   металлургия,  жерсерік-навигация салаларындағы  базаны   тереңдету  және   нығайту мүмкіндігін  қарастыруға  келісті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.