|
21 Шілде 2010, 14:54 Қазақстан ТМД-ның Орталықазиялық бөлігіндегі ақылы нарықтың 67 пайызына ие САНКТ-ПЕТЕРБОР. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД-ның Орталық Азия аумағында ТВ ақылы абоненттерінің саны 1 млн-ға жетті. Абоненттер саны бойынша халқына 67 пайыздан келген Қазақстан көш бастап келеді. Қырғызстанда ТВ ақылы абоненттерінің саны небәрі 30 пайызды ғана құрайды. Бұл туралы J'son & Partners Consulting сараптамалық компаниясының зерттеуінде айтылған. Жалпы алғанда, ТВ ақылы нарығында абоненттерінің саны 50 пайызға дейін жетіп отырған Азия әлем бойынша алда келеді, оның соңынан нарықта 26 пайызға ие Қытай тұрса, 15 пайыздық көрсеткішке ие болып отырған Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа тізімді әрі қарай жалғастырады. Пiкiрлер (0)
|
|