Владимир Путин Қазақстанның әрекеттері өзгелерге үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда бұл мемлекет бизнесті дамыту жағынан Бүкіләлемдік банк өлшемі бойынша 47-ші орында тұр. Ал Ресей әлі 120-шы орында – РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин
04 | ақпан | 2012   Сенбі  
EUR 195.52     USD 148.72     RUB 4.92     CNY 23.60
АСТАНА    күндіз -26..-28   түнде -35..-37
Халықаралық көрмелер бюросына Қазақстанның «АСТАНА-2017» өтінімі топтамасы тапсырылды Атмосфералық ағындардың әсерінен қар жауып, жел күшейіп, аяздар сақталады - Қазақстандағы 4 ақпанға арналған ауа райы Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды Діндер съезіне әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегацияның келуі күтілуде Ұлттық компанияларда біраз қысқартулар болады - Ө. Шөкеев Еуропада 160-тан астам адам үсіп өлді 25 қазанға дейін қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің қызметі сот шешімімен тоқтатылады - Дін істері агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының орталық аппараты 26 пайызға қысқарады Қарағанды облысында Топар - Жезқазған жол учаскесінде көлік қатынасы шектелді «Шахтинская» шахтасында орын алған апаттың салдарынан жұмыс тоқтатылды, қаза болғандар жоқ Қазақстанда тұңғыш рет жылтыр қармақпен қысқы балық аулаудан Әлем чемпионаты өтеді Ағымдағы жылы үлескерлік құрылыстың 26 нысаны пайдаланауға беріледі - Серік Нокин Атырауда түнде қаладан шығатын барлық жолдар жабылды
14.05.2010 / 19:27
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан екі кәсіпорын іске қосылды
ШЫМКЕНТ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бірден - шұжық өнімдері мен минералдық  су өндіретін екі жаңа кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлады аудан әкімдігінен.

«Алма» ауылдық өндірістік кооперативі - шұжық цехы Қарасу ауылында ашылды. Кәсіпорынның қуаты кең көлемді өнім түрлерімен қатар, тәулігіне 1200  килә ет өндіре алады.  Қазір мұнда 15 адам жұмыс істейді.  Алдағы уақытта өндірістік алаңдарды кеңейтіп, мал сою цехын ашу жоспарлануда.

«Манкент-аква» минералдық  су шығаратын цех Манкент ауылында ашылды. Оның қуаты бір ауысымда 3,5 мың бөтелке су шығару. 15 қызметкері бар ұжымның орташа жалақысы 25-30 мың теңге. Кәсіпорын елдің барлық аймақтарына өнім шығаруды жоспарлауда.

Облыс басшылығының пікірінше, шағын бизнестің жергілікті нарықта лайықты орын алуға мүмкіндіктері зор. Бұны статистика да дәлелдеп отыр - сәуір айының 1-дегі көрсеткіш бойынша шағын кәсіпорындардың саны 123 мыңға дейін жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 104,6 пайызды құрап отыр. Тек бірінші тоқсанда шағын кәсіпорындарда  24,6 млрд. теңге тауар өндірілген. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 103,4 пайыз  өсімді көрсетеді. Осы кәсіпорындарда 276,5 мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

Барлық құқықтар қорғалған «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ, www.inform.kz
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.
010000, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10, ТЕЛ: +7(7172) 327-567, E-MAIL: product@inform.kz