КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.24.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
20 Наурыз 2010, 14:50
Кикбоксингтен Қазақстан кубогы жарысы өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада наурыздың 25-28-і күндері кикбоксингтен ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы үшін жарыс өтеді,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

      Оны Астана қаласы әкімдігінің туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.  Бұл байрақты бәсеке Қазақстан кикбоксингінің 20 жылдық мерекесіне арналмақ. Оған еліміздің 14 облысы мен республикалық мәртебесі бар  Астана, Алматы  қалаларының үздік спортшылары қатысады. Жарыстың ашылу рәсіміне  «WAKO-Kazakhstan» ҚР Кикбоксинг федерациясының  президенті, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты  Ирак  Елекеев, ұлттық құраманың  бас бапкері Қайрат Смағұлов қатысатын болады.

    Жалпы Қазақстандағы жекпе-жек күрес түрлерінің ең жасы болса да қазақстандық кикбоксингшілер  20 жылдың ішінде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, былтыр  Тай елінде өткен жекпе-жек күресі спорт түрлері бойынша І Азия ойындарында 40 мемлекеттің арасында  жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді. Олар бұл дүбірлі додада  3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды.  Вьетнамда қараша айында өткен жабық кешендегі ІІІ Азия ойындарында  2 алтын, 3 қола медаль еншілеп,  Қазақстанның 3-ші орын алуына  елеулі үлес қосты. Ал  Италияда өткен Әлем чемпионатында қазақстандық кикбоксингшілер 1 күміс және 3 қола жүлде алды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.