КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.15.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
20 Наурыз 2010, 14:06
Бөлшек тауар айналымы 1,6 пайызға артты - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айындағы бөлшек тауар айналымы 8 654 миллион теңгеге жетіп,

 өсім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,6 пайыз деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.

 Жылдың алғашқы екі айында жекеменшік және жекелей сауда жасаушылардың әрекетімен 8 606 миллион теңгенің отандық тауарлары сатылса, басқа сауда құрылымдарының үлесіне 0,6 пайызы тиесілі болған. Осы уақытта азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары және аралас тауарлар базарында бөлшек тауар айналымы 4 340 миллион теңгеге жеткен. Жыл ішіндегі көтерме тауар айналымы 11 369 миллион теңгені құрап отыр. Бөлшек тауар айналымының басым бөлігі Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданына тиесілі, оларда көрсеткіш тиісінше 66 пайыз бен 22 пайызға тең. Өткен мерзімде қоғамдық тамақтандыру орындарында 402 миллион теңгенің қызметі көрсетілген, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызды құраған. Оның сыртында көлікке және тұрмыстық жабдыққа 181 миллион теңгенің техникалық қызметі көрсетілген.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.