КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.18.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
20 Наурыз 2010, 14:00
Ақпараттық технология саласындағы кәсіпорындардың кірісі 5 жылдың ішінде 90-нан 242 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды
АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Ақпараттық технология саласындағы кәсіпорындардың кірісі былтыр 90 миллиард теңгені құрады.

Бұл жайлы кеше  Алматыда өтіп жатқан  «Software Engineering Summit-2010 Қазақстан» форумында айтылды,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

         Ақпараттық технология саласындағы кәсіпорындардың кірісі былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға кеміп, 97-ден 90 миллиард теңгеге дейін азайған болатын. Компьютерлік құрал-жабдықтар  шығыны ақпараттық технологиялық қызмет шығындарынан 5 есеге асып түсті.

         Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Дамушы салалар департаментінің жоғары технология саласы басқармасының бастығы Бақытжан Битеміровтің айтуынша, 2010-2014 жылдары жыл сайынғы өсім компьютерлік құрал-жабдықтарда  12 пайызды құрамақ. Ал ол  лицензиялық бағдарламамен қамтамасыз етуде - 26 пайыз, ақпараттық технологиялық қызметте  27 пайызға дейін өседі.  Кәсіпорындардың кірісі компьютерлік құрал-жабдықтарда - 69-дан 147 миллиард теңгеге, лицензиялық бағдарламамен қамтамасыз етуде - 7-ден 36 миллиард теңгеге, ақпаратық технологиялық қызметте 14-тен 58 миллиард теңгеге дейін артады деп жоспарлануда.    


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.