КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.26.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
20 Наурыз 2010, 13:54
Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында «Түрк әлемі» оқу залы ашылды
 АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлтиакпарова/ - Бүгін Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Түрк әлемі» оқу залының ашылу салтанаты өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Түрк әлемі» оқу залының ашылуына ҚР Президенттік мәдениет орталығы мен Түркия Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Түркі халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігі ұйытқы болды. Ондағы басты мақсат - түркітілдес мемлекеттер басшыларының келісімі негізінде тегі, тілі, дәстүрі бір халықтардың ортақ мәдениетін кеңінен насихаттау.

 "Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін (Түркі Кеңесі) құруды 2009 жылғы қазан айында Әзірбайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ-шы саммитінде алғаш рет Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ұсынған болатын. Нәтижесінде Түркітілдес мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімі бекітіліп, Нахчыван декларациясы қабылданды. Сондай-ақ түркітілдес мемлекеттерінің басшылары тарапынан қолдау тапқан ұсыныстар бойынша Астана қаласында Түркі дүниесінің академиясы, Түркі дүниесі Ақсақалдарының кеңесі құрылды.

 Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының саммиті,Түркітілдес елдер парламенттері ассамблеясы, Түркітілдес сыртқы істер министрлерінің кеңесі құрылған болатын.

 Президенттік Мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, түркітілдес халықтар әртүрлі саясаттың кесірінен бір-бірінен ажырап, 1 мың жылдан астам уақыттан кейін қайта табысты. «Дүниежүзінде өзінің ата тарихын тасқа қашап, жоғалмастай етіп жырға қосып жазып кеткен  түркі халықтарынан басқа халық жоқ», - деді ол.

 «Түрк әлемі» оқу залына әртүрлі саланы қамтитын түркі тіліндегі әдебиеттер, Түркияның ең ірі кітапханаларының желісіне қосылған 20 компьютер қойылған. Орталық директоры атап көрсеткендей, оқу залы бірте-бірте жалпы түрк дүниесінің орталығына айналатын болады.

 Өз кезегінде Түркияның Қазақстандағы Елшісі Атилла Гүнай, Түркия мемлекеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевты бүкіл түркі әлемінің ақсақалы деп есептейтіндігін айтты. А.Гүнай Қазақстанның бас қаласындағы ең ірі орталығында ашылып отырған оқу залын көркейтуге қажетті қодауды білдіруге дайын екендігін жеткізіп, жиналған қауымды барлық түркітілдес халықтарды біріктіретін мерекелердің бірі - Наурыз мейрамымен құттықтады.

 Іс-шараға лауазымды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.