КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.06.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
20 Наурыз 2010, 13:41
Астана-Қарағанды жүрдек электр пойызы жолға шықты
ҚАРАҒАНДЫ.  Наурыздың  20-сы.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Наурыз мейрамы   қарсаңында  Астана-Қарағанды бағыты  бойынша     аса  жайлы   жүрдек электр пойызы   жолға шықты.

Алғашқы  рейс  жұма күні кешке  болды.     Жаңа     пойыздың  жолаушылары  Астана   теміржол  вокзалынан  салтанатты жағдайда,  шашумен  шығарып салынды.

 Электр пойызының  құрамында 6 вагон бар,  оның екеуі - бірінші кластағы,  үшеуі - екінші,   біреуі  үшінші кластағы   вагондар.  Бұл бағыт     бюджет есебінен    дотацияланатын болғандықтан,    билет бағасы   арзан,  тіпті  бірінші   кластағы  вагондардың   билеті  1 мың теңгеге жетпейді.   Вагондар   жұмсақ орындықтармен  және теледидарлармен   жабдықталған.   Астана мен  Қарағандының арасын   электричка  3,5 сағатта  жүріп  өтеді. 

 Бұл жоба      Қарағанды  облыстық әкімдігі мен  «Қала маңындағы тасымалдар»    акционерлік  қоғамының басшылығы  арасындағы  сындарлы  диалогтың      қорытындысы,  деп   хабарлады  облыстық автокөлік  жолдары  және  жолаушылар көлігі басқармасынан. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.