КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.31.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
20 Наурыз 2010, 13:27
Телекоммуникация саласындағы кәсіпорындардың кірісі 2014 жылы 830 млрд. теңгені құрайды - Бақытжан Битеміров
АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы.  ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -   Телекоммуникация нарығындағы кәсіпорындардың кірісі  2014 жылы  441,3 миллиардтан 830 милллиард теңгеге дейін ұлғаяды.

 Бұл жайлы кеше Алматыда өтіп жатқан  «Software Engineering Summit-2010 Қазақстан» форумында айтылды,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

         Телекоммуникациялық құрал-жабдықтар нарығының көлемі былтыр - 13 миллиард теңге, ал телекомуникациялық қызмет нарығы 428 миллиард теңгені құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға жоғары. Инфокоммуникация саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға  арналған іс-шаралар нәтижесінде телекоммуникация нарығындағы кәсіпорындардың кірісі 5 жылдың ішінде  830 миллиард теңгеге жетпек. Оның 19 миллиарды - құрал-жабдықтар, 811 миллиарды қызмет нарығының үлесінде», дейді  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Дамушы салалар департаментінің жоғары технология саласы басқармасының бастығы Бақытжан Битеміров. Оның айтуынша, телекоммуникациялық құрал-жабдықтар нарығындағы жыл сайынғы өсім  операторларда - 5 пайыз, корпоративтік қолданушыларда - 10 пайыз, жеке    қолданушыларда  5 пайызды құрамақ.  Кіріс 5 жылдың ішінде операторларда - 6-дан  8 миллиард теңгеге, корпоративтік қолданушыларда - 3-тен 5 миллиард теңгеге, жеке қолданушыларда 4-тен  6 миллиард теңгеге дейін ұлғаяды.   Ал қызмет көрсету нарығындағы жыл сайынғы өсім  мобильді байланыста - 10 пайыз, қалааралық және халықаралық байланыста - 5 пайыз, жергілікті телефон байланысында - 20 пайыз, интернетте - 15 пайыз, басқа  қызметтерде  20 пайыз болады деп жоспарлануда.   Ондағы кіріс 2014 жылы мобильді байланыста - 237-ден 384 миллиард теңгеге, қалааралық және халықаралық байланыста - 52-ден 70 миллиард теңгеге, жергілікті телефон байланысында - 31-ден 83 миллиард теңгеге, интернетте - 43-тен 104 миллиард теңгеге, өзге қызметтерде 65-тен 170 миллиард теңгеге дейін артады деп  болжанып отыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.