|
20 Наурыз 2010, 13:07 Төтенше жағдайлар қызметтері ауа райының қолайсыздығына байланысты, адамдарға алыс жолға шықпауға кеңес беруде - Шығыс Қазақстан ӨСКЕМЕН. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменнен Алматы, Омбы, Зырян, Бақты, Қарағанды бағытына баратын жолдар мен Семей-Қайнар жолы ауа райының қолайсыздығы салдарынан, атап айтқанда көктайғақ, боран, қатты жел, жолдың көрінбеуі сияқты себептерден бүгін таңертең жабылды. Сондай-ақ Күршім-Қалшыр, Аягөз-Қарауыл, Тарғын-Самара трассалары да жабылды. Төтенше жағдайлар қызметінен хабарлағандай, қазіргі таңда Алматы-Өскемен тас жолында Үшаралдан келе жатқан 7 жүк көлігі, 15 жеңіл көлік және бір жолаушылар автобусы жолда қалып қойған. Ал Шар қаласынан 25 шақырымдай жерде, Семей-Қалбатау тас жолында бірнеше көлік - қар құрсауында. Приозерное селосынан 7 шақырым жерде Көкпекті-Зайсан трассасында 2 «КамАЗ», 2 жеңіл көлік жолда қалып қойды. Ал Жоғары Тайынты ауылында, «Алтай» дәмханасында жолдың ашылуын күтіп 30 адам және 15 автокөлік тұр. Пiкiрлер (0)
|
|