
|
20 Наурыз 2010, 12:31 Түркі ескерткіштеріне тағзым етуді дәсүрге айналдыру қажет - М. Құл-Мұхаммед ![]() АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Наурыз мейрамы қарсаңында Республикалық ұланның сарбаздары Еуразия ұлттық университетіндегі байырғы түркі ескерткіштері алдында сап түзеп, тағзым етуді дәстүрге айналдыруы қажет. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тұй-ұқұқ және Теркін атты байырғы түркі ескерткіштерінің ашылу салтанатында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Патриотизм осыдан басталады», - деді М.Құл-Мұхаммед Республикалық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант Абай Тасболатовқа қаратып айтқан сөзінде. Сондай-ақ министр Еуразия ұлттық университетінде ашылған Тұй-ұқұқ және Теркін атты байырғы түркі ескеркіштерінен бөлек тағы бір тарихи ұстынның жасалып жатқандығын жеткізді. «Енді, келесі жылы оның төртіншісі де келетін болады. Олардың барлығы Еуразия ұлттық университетінде орнатылмақ», - деді М.Құл-Мұхаммед. Пiкiрлер (0)
|
|