|
20 Наурыз 2010, 12:40 Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі сақталуда ӨСКЕМЕН. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Наурыздың 20-сы күні шығыс өңірде қар, жаңбыр жауады, боран, көктайғақ, екпіні 30 метр/секундқа жететін қатты жел болады, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен. Қазір аймақта қар жылдам еруде. Алдағы күндері ауа температурасы тағы көтеріледі деген болжам бар. Жауын-шашынның болуына және қар қабатының қалыңдығына байланысты наурыздың 20-25-і аралығында Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында қар көшкіні қаупі жоғары болады. Зырян-Путинцево тас жолында қазір қар көшіру жөніндегі жұмыстар басталды. Пiкiрлер (0)
|
|