|
20 Наурыз 2010, 12:35 Қырғызстан Қазақстанға су тасқынынан зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жөнелтті БІШКЕК. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі тоғыз «КамАЗ» көлігіне жүк тиеп, Қазақстанға аттандырды. Гуманитарлық көмек Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының зардап шеккен тұрғындарына арналып отыр. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Қылыш Досумбетов хабарлады. Гуманитарлық жүк партиясына жылы көрпелер, шифер, цемент, шатырлар, буржуйка пештер, дала жағдайына арналған костюмдер, барлығы 6 миллион теңге соманың (140 мың АҚШ доллары) жүгі кіреді. Қызылағашға қосымша кірпіштер жөнелтіледі деп күтілуде. Көмек көрсету туралы шешімді Қырғыз Республикасының Үкіметі қабылдады. Пiкiрлер (0)
|
|