КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.42.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
20 Наурыз 2010, 12:29
Көкшетауда көп балалы 56 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /жанмұрат Жанайдаров/ - Кеше, наурыздың 19-ында Көкшетау қаласының әкімі Бақыт Сапаров алты және одан да көп бала өсіріп,

тәрбиелеп отырған 56 анаға алқа табыстап, сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Наурыз мейрамы құрметіне осындай қошеметке 90-ды алқымдап қалған, 9 баланың анасы Меруерт Тоғаева, елуді еңсерген, алты баланы өсіріп отырған Людмила Баугетнер иелік етті. Қала басшысы бұл күні 56 көп балалы аналардың 22-сіне - «Алтын алқа», ал 34-іне «Күміс алқа» төс белгілерін тапсырып, гүл шоқтарын, сый-сияпаттар табыстады. Қазіргі кезде әлі де 574 өтініш қарастырылуда. Бұған дейін, халықаралық әйелдер күні қарсаңында осындай қошемет 52 анаға көрсетілген болатын. Кездесу соңы өнер шеберлерінің концертіне ұласты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.