КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.56.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
20 Наурыз 2010, 12:09
Студенттер мен ұстаздар қауымы «Ғасырдан жеткен құт мереке» кешінің ұйытқысы болды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері мен ұстаздар қауымы «Ғасырдан жеткен құт мереке» салтанатты кешінің ұйытқысы болып,

 білім шаңырағында Наурыз мерекесін көтеріңкі көңілмен тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Университет ректоры Шәкір Ыбыраев Наурыз мерекесінің ашылуында барша жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсылықтың жалғасын тауып, білім жолында табысқа жете берулеріне тілектестігін білдіріп, оң батасын берді. Тойды жастардың өздері жалғастырып, осындағы этномұражайда халқымыздың салт-дәстүрін, әдем-ғұрпын көпшілікке көрсетуге тырысты. Ұлттық киімдегі ұйымдастырушылар меймандарды әсем ән , күмбірлеген күй, мың бұралған билерімен қарсы алып, наурыз көже ұсынды. Айтыс ақындары жырдан шашу шашып, жыр додасының көрігін қыздырды. Қолданбалы өнер туындыларының көрмесі ,университет ғалымдарының ғылым жолындағы жетістіктері, оқу орнының бүгіні мен ертеңі арнайы көрмеден көрініс тапқан. Студентер қалашығындағы наурыз мерекесі өз салтанатымен жалғасын тауып, спорт сайысына ұласты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.