|
20 Наурыз 2010, 11:40 Наурыздың 25-і күні Қазақстандағы алғашқы ислам банкі өз жұмысын бастайды АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Наурыздың 25-і күні Астана мен Алматы қалаларында жаңадан құрылған «Al Hilal» ислам банкі" АҚ өз қызметін бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі «Al Hilal» ислам банкі» АҚ-на банк операцияларын жүргізуге наурыздың 17-сі күні №1.1.261 лицензия берген болатын. Ол БАӘ-нің «Al Hilal» Әбу-Даби»АҚ-ның еншілес банкі. Әбу-Даби үкіметіне қарасты бұл ислам банкінің 14 филиалы бар. «Біз Қазақстанда ең бірінші боп ислам банкі ретінде лицензия алғанымызды ерекше мақтан тұтамыз. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс» деген стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы алғашқы қадам», дейді «Al Hilal» банкінің Қазақстандағы Басқарма төрағасы Прасад Абрахам. Банк алғашқы кезде корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетіп, жеке тұлғалардан депозиттер қабылдамақ. Пiкiрлер (0)
|
|