|
20 Наурыз 2010, 10:34 Батыс Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер берген несие көлемі 87,8 млрд. теңгеге жетті ОРАЛ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екінші деңгейдегі банктер берген несие көлемі 87,8 млрд. теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Осының 25,9 пайызы сауда саласына берілсе, 8,4 пайызы - құрылыс, 5,8 пайызы - өнеркәсіп, 4,5 пайызы - ауыл шаруашылығы, 1,3 пайызы - көлік, 0,1 пайызы - байланыс, 54 пайызы қалған саланың үлесіне тиеді. Тұрғындардың банктегі депозиті 30,5 млрд. теңгені құраса, осының 57,4 пайызы теңгелей, 42,6 пайызы шетелдік валютамен салынған. Пiкiрлер (0)
|
|