|
19 Наурыз 2010, 21:23 Қызылағаш ауылында 467 жаңа үй салынады АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылуынан зардап шеккен елді мекендерде іздестіру-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және төтенше жағдайлар салдарын жою жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. Наурыздң 18-і күні кешке дейін Қызылағаш ауылына 1088 тұрғын оралды, олардың бәрі де күнделікті қажет заттармен, мектеп ғимаратындағы немесе шатырлардағы уақытша тұратын орынмен қмтамасыз етілді. Зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемдерді төлеу жалғастырылуда. Таяудағы уақытта зейнетақылар мен жәрдемдер жолды су шайып кетуі салдарынан қатынасы қиындаған Еңбек, Кеңжыра, Сағабүйен, Қарашілік, Молалы, Алажиде ауылдарына жеткізіледі. «Қзпошта» АҚ облыстық филиалында зардап шеккендердің ҚР Үкіметінің резервінен біржолғы төлемдер алуы үшін шоттар ашылуда. Әділет басқармасының және халыққа қызмет көрсету орталығының бес топ мамандары көшірілген тұрғындардың құжаттарын тездету жұмыстарын жалғастыруда. Барлығы 162 адам құжаттарын жоғалтқаны туралы мәлімдеді. Бүгінгі күнге дейін 130-дан астам құжат рәсімделді. Тағы 293 адам құжаттарын азаматтығын рәсімдеу үшін көші-қон полициясына тапсырды. Облыстық мемлекеттік-сәулет құрылыс бақылау және Қазақ сейсимкалық құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының мамандар тобы Қызылағаш ауылында 423 тұрғын үйді (479 пәтер) және 6 қоғамдық ғимаратты (мектеп, интернат, аурухана, Мәдениет үйі, мешіт, ауыл әкімдігі) тексеруді аяқтады. Комиссия қорытындысы бойынша 9 тұрғын үй және барлық қоғамдық ғимараттар сейсмикалық жағынан беріктігін күшейтіп, күрделі жөндеуге жатады, қалған үйлерді құлату қажет. Ауылдың бас жоспарына сәйкес 467 жаңа үй салынады, ауылдың тұрғын үй секторы су қорғау аймағынан 40 метр жерге ауыстырылады. 26 құрылыс компаниясы қалпына келтіру, аумақтарды үйінділерден, құрылыс салынатын жерлердегі қоқыстарды тазарту жұмыстарына кірісті. Құрылыстың тәулік бойы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін ауыл көшелеріне жарық орнатылды. Бүгіннің өзінде 137 мың шаршы метрден астам ауыл аумағы тазартылды, қоқысты шығару боынша 886 жүк техникасы рейстері орындалды. Құрлысты күзгі-қысқы маусымға дейін аяқтаужоспарлануда. Су құбыры құрылысы және ауылды ауызсумен қамту үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Жергілікті тұрғындарға еңбекақысы төленетін құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарына қатысу ұсынылды. Ауыл тұрғындарының өз мұқтаждары үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруі үшін қосымша 2 гектарға жуық жер телімдері бөлінеді. Әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін 300 тоннадан астам тұқым әкелінеді. ТЖ салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның және жедел штабтың жұмысы жалғасуда және ол ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тұрақты бақылауында. Пiкiрлер (0)
|
|