КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.36.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 20:53
Алматы облысында бөгет бұзылуынан зардап шеккен елді мекендердегі апат салдарын жоюға әртүрлі көздерден 2,1 млрд.теңге қаржы бөлінді
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Алматы облысының Ақсу ауданындағы бөгеттің бұзылуынан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру және төтенше жағдайлар салдарын жоюға әртүрлі мемлекеттік көздерден 2 миллиард 100 миллионнан астам теңге ақшалай және басқа да материалдық қаражаттар бөлінді,

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Соның ішінде ҚР Үкіметінің резервтік қорынан жою жұмыстарына және әлеуметтік нысандарды және тұрғын үйлерді  қалпына келтіруге 600 млн. теңгеден астам мақсатты трансферттер бағытталды, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаражаттарынан 500 млн. теңге бөлінді. Облыстық бюджеттерден осы мақсаттарға мақсатты трансферт түрінде 870 млн. теңге жіберілді.

Бұдан басқа мемлекеттік материалдық резервтерден 257 тоннадан астам азық-түлік тағамдары, күнделікті қажетті заттар, 480 тонна авиация керосині және бензин, сондай-ақ құрылыс материалдар бөлінді.

Сөйтіп, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің наурыздың 16-сында Үкімет отырысы барысында ТЖ салдарын жоюға қаражаттар бөлу жөнінде Қаржы министрлігіне, ТЖ министрлігіне, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға берген тапсырмалары толық көлемінде орындалды.

Осы қаражаттардың мақсатты жұмсалуын ҚР Қаржы министрлігі айрықша бақылауға алды.

ТЖ салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның және жедел штабтың жұмысы жалғасуда және ол ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тұрақты бақылауында.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.