КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.45.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 20:33
Су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылында құрылыс жұмыстары басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін облыс әкімі Серік Үмбетов наурыздың 12-сінде су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылының қираған орнында жаңа ауыл құрылысының алғашқы тасын қалау салтанатына қатысты.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Шоқан Уәлиханов көшесінде ауыл тұрғыны Нұрсұлтан Жұмадиярдың төрт бөлмелі, жалпы ауданы 80 шаршыметрлік үйінің құрылысы басталды. Үйде төрт тұрғын бөлмемен бірге, кең холл, асхана, аш ішетін бөлме, ванна және дәретхана көзделген. Үйге су құбыры кіргізіледі. Тұрғын үй кірпіштен салынып, төбесі металл шатырлы жабынмен жабылады.  

Жаңа үйді «Ауыл-Құрылыс» құрылыс компаниясы салуда, олар мұнда тағы 12 үй тұрғызады. Құрылыс жұмыстарына барлығы 26 компания кірісті, ертең тағы 21 компания жұмысқа кіріседі. Сондай-ақ резервте 55 құрылыс ұйымдары тұр. Ауылда барлығы 467 үй салынады.

Н.Жұмадияр оның отбасының, бүкіл ауыл тұрғындарының тағдырына қатысып отырғандардың бәріне, ең алдымен ел Президентіне, құтқару қызметінің қызметкерлеріне, қайғыға ортақтасып, үн қосқан, барынша көмек көрсетіп жатқан барлық қазақстандықтарға алғысын айтты.

Ауылдың басқа да тұрғындары, көше комитеттерінің өкілдері, ақсақалдар алғысын білдірді. Олардың айтуынша, ауылдағы өмір жанданып келеді, ең бастысы адамдарда жақсы болашаққа да деген үміт пен сенім ұялады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.