КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.47.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 20:12
Қазақстан жаңа онжылдықта алдына қойған міндеттерді орындай алады - Елбасы
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада «Наурыз нұры» мерекелік кешінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаңа онжылдықта алдына қойған міндеттерді орындай алатынын атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде біз жаңа міндеттерді межелеп отырмыз. Біз оларды орындай аламыз. Өйткені біз жыл өткен сайын өзіміздің басты дәулетіміз -бейбітшілікті, ұлтаралық және конфесссияаралық келісімді еселеп келеміз. Ғасырлар бойы дәл әз Наурызда біздің бабаларымыз осы жайында ойланған. Көктемгі мерекенің терең мағынасы осында. Біздің достығымыз бен келісіміміздің мықты іргетасы келешекте де әрбір көктемді осындай оптимизммен және сенімділікпен қарсы алуға мүмкіндік береді», деді өз сөзінде Президент.

Елбасы Қазақстанның тарихында жаңа кезең басталғанын, биылғы Жолдауында еліміздің алдына жаңа онжылдыққа арналған бірқатар маңызды міндеттерді қойғанын айта келе: «Біз еліміздің экономикалық дамуында қуатты серпін жасауымыз, жаңа кәсіпорындарды, энергетикалық қуаттарды және жолдарды салуымыз, өндіріске ең озық технологияларды енгізуіміз, ауыл шаруашылығында сапалы өсімге қол жеткізуіміз керек. Бизнес үшін жаңа көкжиектер ашылуда, бизнес біздің еліміздің сенімді тірегі болуы тиіс. Біз еліміздің экономикасын мығым, халықтың өмірін жақсарта түсетін осы міндеттерді орындауды бастап кеттік», деді. Сондай-ақ, Президент отандық білім беруді және медицинаны барынша жоғары деңгейге шығаратынымызды атап көрсетті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.