|
19 Наурыз 2010, 19:43 Батысқазақстандықтар Қызылағаш ауылы тұрғындарына қайырымдылық көмектерін көрсетуде ОРАЛ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандықтар табиғат апатынан зардап шеккен Қызылағаш ауылы тұрғындарына қайырымдылық көмектерін көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі аппаратының ұжымы Алматы облысының «Қызылағаш» су қоймасында болған апаттан зардап шеккендерге көмек мақсатында біркүндік еңбекақылары есебінен қайырымдылық қордың есепшотына 236 мың теңге аударды. БҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті ұжымы да 149 мың теңге көлеміндегі біркүндік еңбекақыларын аударды. Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында тасқын су салдарынан жапа шеккендерге қолдау-көмек көрсету жөнінде үндеу жарияланып, оған «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет бастаған саяси партиялар облыстық бөлімшелері мен қоғамдық бірлестіктер басшылары қол қойды. Пiкiрлер (0)
|
|