|
19 Наурыз 2010, 19:22 «Нұротандықтар» балаларды Наурыз мерекесімен құттықтады ОРАЛ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков бастаған бір топ азамат Орал қаласындағы «Жас дәурен» балалар кешені жанындағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне наурыз көжесі мен наурыз-кәдесін ала келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Кенжәлі Төремұратов, кәсіпкер Шайхолла Нутфуллин, «Ару аналар» ансамблінің белді мүшелері кешенді мекен еткен 120 жанға ақ тілектерін арнап, сый-сияпаттарын тарту еткен соң, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Қонақтардың келгеніне, әсіресе, дорба толы тәтті мен түрлі ойыншықтарға қарық болған бүлдіршіндер қатты қуанды. Ақ кимешекті әжелермен қол ұстасып, шыр айналып билеген олар шат күлкілерімен мерекенің шырайын ашты. Пiкiрлер (0)
|
|