КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.14.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 19:16
Жамбыл облысында су тасқыны жағдайы күрделі болып қалып отыр - аймақ әкімі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгінде облыстың бірқатар елді мекендері мен автомобиль жолдары уаскелерінде су тасқыны жағдайы күрделі болып қалып отыр, деп атап өтті аймақ басшысы Қанат Бозымбаев жақында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен болған республикалық селекторлық кеңесте.

«Облыста 127 су көзі бар, олардың 5-уі республика меншігінде, 24-і коммуналдық меншікте, 43-і жеке меншіктің қолында. 55 су көзі иесіз қалып отыр», деп баяндады Қ.Бозымбаев.

Айталық, наурыздың 14-інде 1988 жылы салынған Қордай ауданындағы Қақпатас су қоймасы тексерілді. Жобалық көлемі 10 млн.текшеметр болатын су қоймасы «Таразсуқұрылыс» РМК балансында тұр. Ұзақ уақыт пайдаланылғандықтан бөгеттің күшті желде толқын мүжіген жерлері бар. Бөгеттің бұзылуы республикалық маңыздағы Алматы-Тараз автожолын су шайып кетуі мүмкін.

Аймақ басшысы сондай-ақ Жуалы ауданындағы Дарбаза жеке меншік су қоймасында жоғарғы ернеуін су шайып отырғанын, бұл екі елді мекенді және облыстық маңыздағы автожолды су басуы қаупін тудыратынын айтты.

Мойынқұм ауданындағы Ақбақай ауылдық округінде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Еріген қар суы мен жаңбыр суы салдарынан орта мектепті, «Ақбақай» АҚ шахтасын су басты, Ақбақай-Мирный учаскесін су басып, жеңіл автокөліктің қозғалысын қиындатуда. Мыңарал стансысында теміржол төсемін су басу қаупі төніп тұр. Бұл нысандарға ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Кәрім Көкірекбаев бастаған жұмыс тобы аттандырылды. Жергілікті орында жағдайды зерттегеннен кейін су басу салдарын жою шаралары қолға алынды.

Облыста су көздері жағдайына мониторинг күшейтілді, шұғыл шешуді қажет ететін бірқатар проблемалар анықталды. Соның нәтижесінде көптеген су көздерінің иелері су қоймаларындағы жабдықтар мен құрылғылардың сақталуы мен оларды ұстап тұруға көңіл бөлмейтіні анықталды. Мерке ауданында Тәтті су қоймасы иесіз тұр. Кеңес-4 тоғанынан су тасқыны Кеңес ауылын басып қалуы мүмкін. Шу ауданында Ақсу қоймасынан су жіберілетін арна апатты жағдайда тұр. Талас өзенінің Тараз қаласы, Байзақ ауданы маңындағы жағалауларында проблемалық учаскелер бар.

Бұл проблемалар облыстық ТЖ жөніндегі комиссияның отырысында қаралды, аудан әкімдеріне, облыстық қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді, олардың орындалуы қатаң бақылауғға алынды, деп атап өтті аймақ басшысы.

Елді мекендерді су басу қаупі күшеюіне байланысты аймақ басшысы облыс әкімі бірінші орынбасарының басшылығымен штаб құрды. Сондай-ақ мұндай штабтар аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінде де құрылды. Киров, Тасөткел, Теріс Ащыбұлақ сияқты ірі су қоймаларының толтырылуына күн сайын бақылау орнатылды.  


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.