
|
19 Наурыз 2010, 18:43 Қазақстанның Жаңа жылы Наурыз мерекесімен басталуы тиіс - Н. Назарбаев ![]() АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, Қазақстанның Жаңа жылы Наурыз мерекесімен басталуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы ойлап қарағанда, біздің Жаңа жылымыз осы мерекеден басталса дұрыс болар еді. Қытайлар өздерінің жаңа жылын ақпанда, корейлер де өз күнтізбелері бойынша мерекеледі. Біз Жаңа жылымызды әлі күнге дейін Петр І енгізген қаңтардың 1-інен бастап жүрміз. Биыл біз Жаңа жылымызды кең ауқымда, бүкіл халықтық деңгейде, көтеріңкі көңіл-күймен, ерекше салтанатпен жаңа мазмұнда тойлағалы отырмыз», деді Мемлекет басшысы бүгін елордадағы Қазақстан концерт сарайында өтіп жатқан «Наурыз нұры» мерекелік кешінде сөйлеген сөзінде. «Былтыр менің Жарлығыммен наурыздың 21-23-і ресми түрде демалыс күндері деп жарияланғанын білесіздер», деген Елбасы Қазақстанда бұдан өзге бірде-бір мереке ресми түрде үш күнге созылмайтынын, бұл бірінші кезекте мәдени мұрамызды ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды ерекше қадірлеудің жарқын айғағы екенін айтты. Сонымен қатар, Елбасы биыл БҰҰ тарапынан Наурыз мерекесі халықаралық мейрам ретінде қабылданғанын атап өтті. Пiкiрлер (0)
|
|