КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.43.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 18:59
Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрімен келіссөздер өткізеді
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың наурыздың 22-25-сі аралығындағы Жапонияға ресми сапары барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерхат Есқалиев Токиода Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрімен келіссөздер өткізеді.

 Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

Сапар аясында вице-министр Жапонияның Премьер-Министрі Ю.Хатоямамен, Үкімет, Парламент, ірі компаниялар мен ұйымдардың өкілдерімен, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-жапондық комитеттің мүшелерімен, жетекші жапондық корпорациялардың басшыларымен кездесулерге қатысуы жоспарланған.

Ерхат Есқалиевтің Жапонияның Экономика, сауда және индустрия министрі М.Наошимамен кездесуі барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың аталған елге сапары барысында қол жеткізілген Қазақстан мен Жапония Үкіметтері арасындағы инвестицияны либералдау, қолдау және қорғау туралы келісім бойынша келіссөздердің бірінші кезеңін өткізу жоспарлануда. Аталған келісім екі ел арасындағы инвестицияны  ынталандыруға бағытталған, елдердің инвестициялық саладағы қатынастарын дамытудың негізгі құжаты болып табылады. 

Қазақстандық делегация Қазақстанның инвестициялық саясатының басымдықтарын, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын, Кедендік одаққа енуін, қазақстандық қамтудың дамуын, сондай-ақ жетекші жапондық корпорациялармен елімізде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ұсынысын қамтыған «Қазақстан - жаңа жақындасулар және инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбында тұсаукесер өткізуді жоспарлап отыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.