КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.07.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 18:32
Елбасы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
  АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен өтіп жатқан мерекелік  «Наурыз нұры» концертінде барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын. Қыдыр баба әрбір қазақстандық отбасына құт-береке, молшылық әкелсін. Әз Наурыз жақсылығын ала келсін. Лайым да бірлігіміз бен берекеміз арта берсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.

Елбасы халқымыз ежелден жыл басына санаған, Ұлыстың Ұлы күніне балаған Наурыз мейрамы - шын мәнінде ерлік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың мерекесі екенін атап көрсетті. «Шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағаты Наурызбен бірге тіршілікке шаттық сыйлайды. Қыстың қаһары қайтып, жер-жаһан қайта түлейді, дүние жаңарып құлпырады. Бүгінгі мерекелік кештің «Наурыз нұры» деп аталуы да сондықтан», деп атап көрсетті Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде біздің мемлекеттік саясатымыз әз-Наурыздың ізгілігімен өзара үндесетінін атап көрсетті. «Табиғат заңдылығымен жыл басы болып, жақсылықтың жаршысына айналған Наурыз мейрамы адамзат тарихымен бірге жасасып келеді. Сондықтан Наурыз адамды ұлты мен нәсіліне, тілі мен дініне бөлмейтін жалпы халықтық ізгі мереке. Біздің ұлттық құндылықтарымыз, рухани мұраларымыз әз-Наурызбен бірге біте қайнасқан», деді Мемлекет басшысы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.