КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.27.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 18:42
Сәулетші Ә.Тәтіғұловтың «Парасат» және «Ізгілер ізі» атты екі томдық кітабы жарық көрді
АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыда Әбдісағит Тәтіғұловтың 70 жасқа толу мерейтойы аясында оның «Парасат» және «Ізгілер ізі» атты екі томдық кітабының тұсауы кесілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шота Уәлихановтың айтуынша, бұл ойлы әрі сырлы кітап. «Әбекең АҚШ, Түркия, Италия сияқты көптеген шетелде болып, олардың сәулет өнеріне назар аударып, алдына мақсат қоя білген. Шынайы өнерді жан жүрегімен сезіну, адамгершілік қасиеттің алғы шарты деп атап өткен», дейді сәулетші.

         Сонымен қатар ол ұлылар қатарына жету үшін басты мақсат болу керек деп түйгендігін жеткізді.

         «Ізгілер ізі» атты кітапта мемлекет қайраткерлері, сәулетшілер, құрылысшылар туралы жазғандары тек тарихи деректер демес едім. Бұл мақалаларада олардың кескін-келбеттері нақты берілген. Тұңғыш қазақ сәулетшілердің бірі Төлен Бәсенов туралы жазғандары  да нақты әрі тұжырымды»,  дейді Ш.Уәлиханов.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.